Астанада нейрохирургия орталығының ғимаратынан бомбаға ұқсас зат табылды

ТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елорданың Есіл ауданында орналасқан нейрохирургия орталығының ғимаратынан қыркүйектің 14-і күні кешке қабылдау бөлмесінен жарылғыш құрылғыға ұқсас зат табылды.

Астанада нейрохирургия орталығының ғимаратынан бомбаға ұқсас зат табылды

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайды жоюға Астана қаласы ТЖД-нің шұғыл әрекет ету қызметі, соның ішінде жеке құрамның 4 адамы, және 1 бірлік техникасы тартылды.

Төтенше жағдай болған жерден 6 адам көшірілді. Арнайы жүргізілген шаралардың барысында жарылғыш құрылғы табылған жоқ.