Астанада нөсер құйып тұр (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында нөсерлі жаңбыр құйып тұр.

Астанада нөсер құйып тұр (ФОТО)

Сенбі күні таңертең болған ыстық күн райынан кейін елордада найзағай ойнады. «Қазгидромет» РМК-ның ақпаратынша, ауа райының тұрақсыз сипаты атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты. Найзағайлы жаңбыр мен желдің күшеюі бүгін республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, батыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде күтілуде.