Астанада нөсер жаңбырдан кейін су сору жұмыстарына 70-тен астам арнайы техника тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Астанада жауын жауып, күн күркіреді. Қалалық коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп, көшелер мен жолдардағы суларды сору жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады қала әкімінің сайты.

Астанада нөсер жаңбырдан кейін су сору жұмыстарына 70-тен астам арнайы техника тартылды

Су сору жұмыстарына 72 ассенизаторлық машина тартылды, соның ішінде «Алматы» ауданында - 26, «Сарыарқа» ауданында - 17, «Есіл» ауданында - 29.

Синоптиктердің болжамына, 5 маусымда күн ала бұлтты болады, түнде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Түнде ауа температурасы +13...+15°С, күндіз +23...+25°С болуы ықтимал.

Дүйсенбі күні, 6 маусымда жауын-шашын болмайды. Күндіз +23...+25°С жылы болады, түнде сынап бағанасы +10...+12°С көрсетеді.

7 маусымда күндіз +25...+27°С ыстық болады. Синоптиктердің болжамынша, күн ала бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Түнде +13...+15°С жылы болады.