12:50, 16 Шілде 2017 | GMT +5
Астанада Нұрғали Нүсіпжановтің 80 жылдық мерейтойы атап өтіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстанның Халық әртісі, белгілі әнші Нұрғали Нүсіпжановтің 80 жылдық мерейтойына және сахнадағы шығармашылығының 60 жылдығына арналған ән кеші өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

15 шілде күні өтетін «Өз елім» атты шығармашылық кеште «Дедім-ай,ау!», «Алқоңыр» және өзге де халық әндері, Шәмші Қалдаяқов, Сабырхан Асанов, Нұрғиса Тілендиев, Мұқағали Мақатаев, Төлеген Мұхамеджанов, Бахыт Қайырбеков және көптеген басқа да қазақ композиторлары мен ақындарының туындылары орындалады.
Нұрғали Нүсіпжанов - ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік жүлденің лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің кавалері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы.