Астанада Нұрғиса Тілендиев атындағы фестивальдің жеңімпаздары анықталды (ФОТО)

Қазылар алқасы танымал музыканттардан, мәдениет қайраткерлерінен, музыка әлеміндегі белгілі мамандардан құралды. Музыкалық фестивальға қатысушылар бас жүлде - Астана қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды. Бұдан бөлек, гран-при, «Фестиваль лауреаты» атағы және атаулы төсбелгімен бірінші, екінші және үшінші орныдар болды. «Дирижёр» номинациясы бойынша гран-при Батырханұлы Берікке (Алматы) бұйырды, Қасқырбай Әлішер (Астана) І орын, Тілепберген Абылай (Алматы) ІІ орын, Исмаилов Қуаныш (Алматы) және Азбаев Әділет (Астана) ІІІ орын алды. Әбдірахманов Әсет (Петропавл) және Тойболдиев Мадияр (Алматы) дипломдармен марапатталды.
«Классикалық вокал» номинациясында (ерлер) Байнешов Мейір (Астана) Гран-при иегері атанса, І орын Жармағамбетов Расулға (Алматы), ІІ орын Мәлік Азатқа (Астана), ІІІ орын Габдиев Артур (Алматы) мен Әбілда Алтынбекке (Астана) бұйырды. Әйтімбай Марат (Астана) пен Аманжолов Мағжан (Астана) дипломдармен марапатталды. «Классикалық вокал» номинациясында (әйелдер) Капонова Айзада (Астана) гран-при еншіледі. Әсем Сембина (Астана) І орынды, Бибігүл Тыныштық (Қызылорда) ІІ орынды алды, ал Серікболова Ақбота (Алматы) мен Айдарбекова Мәдина (Қызылорда) ІІІ орынды бөлісті. Жұмаханова Бақытгүл (Астана) мен Үргенішбаева Айгүл (Астана) дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар үздік концертмейстерлер Өтетілеу Алияр (Алматы) мен Ләйлә Сейітова дипломмен марапатталды. «Домбыра» номинациясында гран-приді Үмбет Тоғжан, І орынды Жолдыбеков Бауыржан, ІІ орынды Қайнар иеленді, ІІІ орынды Сәденов Таңат және Әбдіберікұлы Бекболат өзара бөлісті. Құдайбергенов Дарын мен Ринатов Ерасыл дипломдармен марапатталды. Садымова Ғалия мен Жанұзақова Сәуле үздік концертмейстер атанды. Астана әкімнің кубогы «Домбыра» номинациясы бойынша Үмбет Тоғжанға табысталды. Гала-концертке фестиваль жеңімпаздары мен лауреаттары қатысты.