Астанада Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ музыкалық фестивалі өтеді

АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Елордада 29 наурыздан 1 сәуірге дейін Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ музыкалық фестиваль-байқауы өтеді. Оған Астананың үздік концерт залдарында өнер көрсететін 16-дан 35 жасқа дейінгі жас музыканттар қатысады. Бұл туралы astana.kz сайтына ұйымдастыру комитетінен мәлім етті.

Астанада Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ музыкалық фестивалі өтеді

Қазақстанның әр облысы байқаудың:

1. Классикалық вокал (әйелдер мен ерлер);

2. Домбыра;

3. Дирижер әр аталымына 2 қатысушы жібереді.

Фестивальді ұйымдастырушы Астана қаласының әкімдігі мен қалалық Мәдениет басқармасы.

«Бас жүлде - Астана қаласы әкімінің кубогы мен 1 200 000 теңге ақшалай сыйлық. Сонымен қатар фестивальде мынандай марапаттар мен жүлделер тапсырылады:

- Гран-при - ақшалай сыйлық (800 000 теңге);

- 1-ші сыйлық - 600 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль;

- 2-ші сыйлық - 300 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль;

- 3-ші сыйлық - 150 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль», - делінген хабарламада.