Астанада «Нұрлы жол» вокзалына пианино қойылды
Бұл жолғы пианино «Нұрлы жол» теміржол вокзалының аумағына орналастырылды. Жоба авторының сөзіне қарағанда, жалпы көпшілікке арналған алдыңғы пианиносы істен шығып қалған. «Бұл - басқа пианино. «Хан Шатыр» СОСО-ға қойылған пианино енді жөндеуге келмейді. Оны адамдар бұзып алды ма не болмаса уақыт өте келе зақым тиді ме, білмеймін», - дейді Сұлтанов.
Сұлтановтың айтуынша, вокзал - оның жобасына қолайлы жерлердің бірі. «Вокзалдарда, әуежайларда көпшілікке арналған пианиноның болуы бүкіл әлемде бар практика. Рейсін күткен адамдар бос уақытын көңілді өткізуіне көмектесу қажет», - дейді ол.
Бизнесмен адамдарды осындай жобаларға қатысуға, қолдауға шақырады. «Тек ақша қуып кетуге болмайды, қазір жұрттың бәрі де ақша үшін жүр. Кейде шын жүректен бірдеңе істеу де керек. Бизнес үшін мұндай жобаларға түкке тұрғысыз қаржы кетеді», - дейді Асхат Сұлтанов.
Еске сала кетейік, Асхат Сұлтановтың бастамасымен 2017 жылдың жазында Астанадағы «Хан Шатыр» СОСО-ға көпшілікке арналған алғашқы пианино қойылған болатын.