Астанада «Нұрсат» қонақүйі өртенді
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада «Жеңіс» даңғылында орналасқан «Нұрсат» қонақүйінде өрт шықты.
Екінші қабаттағы нөмірлердің дені жанып кетті. Қонақүй тұрғындары көшірілді.
Төтенше жағдай орнында 8 өрт сөндіру бірлігі жұмыс жасауда.