Астанада нысана көздеуден Қазақстан чемпионаты өтуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Алау» ату клубында пневматикалық қарумен нысана көздеуден Қазақстан біріншілігі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Чемпионатқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 100-ден аса спортшы қатысуда.
Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты біріншілік көрермендердің қатысуынсыз өтіп жатыр.
Чемпионат 23 қарашаға дейін жалғасады.