Астанада облыстардың ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді
АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада 2012 жылғы 15 қыркүйек пен 20 қазан аралығында облыстардың ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлады елорда әкімінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеге Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстары ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады.
Жәрмеңкелерді өткізу кестесі:
1. Алматы облысы - 15-16 қыркүйек.
2. Оңтүстік Қазақстан облысы - 22-23 қыркүйек.
3. Жамбыл облысы - 29-30 қыркүйек.
4. Қарағанды облысы - 6-7 қазан.
5. Ақмола облысы - 13-14 қазан.
6. Павлодар облысы - 20-21 қазан.
Өңірлердің жәрмеңкелерінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы нарықтағыдан әлдеқайда арзан және қолжетімді болмақ.