Астанада өкпе ауруы бойынша кеңес алу үшін жол жүру тегін болады

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Ертең №1 қалалық аурухана базасында Дүниежүзілік созылмалы обструктивті өкпе ауруларына (СОӨА) қарсы күрес күні өтеді.

Астанада өкпе ауруы бойынша кеңес алу үшін жол жүру тегін болады

Шара барысында елордалық белгілі пульмонолог дәрігерлер «Астана» медицина университеті» АҚ пульмонология кафедрасының профессорларымен және доценттерімен бірлесіп науқастарға консультация беріп, дәрігерлер үшін дәріс оқиды. Бұл туралы astana.kz сайтына Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан хабарлады.

«Консультация алуға және дәріс тыңдауға қызығушылық танытқандарға №1 қалалық емханаға тегін жол жүру ұйымдастырылған», - делінген хабарламада. Автобустар келесі мекенжайлардан жүреді:

1) №5 қалалық емхана (Ақан Сері, 20) сағат 11.30- 12.00

2) № 4 қалалық емхана (Шевченко к-сі (103), үй 1) сағат 11.00-12.30

3) № 9 қалалық емхана (пр.Абылайхана, 30) сағат 12.30-13.00

СОӨА - созылмалы бронхит және өкпе эмфиземасы сынды тыныс алу органдарының созылмалы ауруларын біріктіретін созылмалы обструктивті өкпе аурулары. СОӨА қалыптасу белгілері - баяу дамитын және темекі түтіні мен басқа да зиянды заттардан, газдардан созылмалы түршігудің салдарынан жартылай ғана бронх обструкциясына (тыныс алу жолдарының ауа өткізу қабілеттілігінің бұзылуы) айналады. Қазіргі уақытта СОӨА - әлемде өлім-жітім себептерінің ішінде төртінші орында.

Айта кетейік, акцияның мақсаты - ауру туралы мәліметтерді кеңінен тарату, науқастарға көрсетілетін көмекті жақсарту, темекіге тәуелділіктің таралуын төмендетуге әсер ету, темекіге қарсы күреске халықтың барлық топтарын тарту, темекі шегудің алдын алу және темекінің ағзаға зиянды әсері туралы қоғамды ақпрараттандыру болып табылады.