Астанада «Өкпек жолаушы» спектаклінің премьерасы үш тілде өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 - 28 қыркүйекте Халықаралық тілдер фестивалі аясында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына Дулат Исабековтың «Өкпек жолаушы» спектаклі үш тілде ұсынылатын болады. Премьера жаңа Оқушылар сарайында өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығынан хабарлады.

Астанада «Өкпек жолаушы» спектаклінің премьерасы үш тілде өтіп жатыр

Кеше көрермендер спектакльді ағылшын тілінде тамашаласа, бүгін сағат 18.30 «Өкпек жолаушы» Санкт-Петербург театры труппасының орындауында орыс тілінде қойылады. Ертең, 28 қыркүйекте пьесаның түпнұсқасы қазақ тілінде көрермендерге жол тартады. Осылайша, елордалықтар қазақ идеясы мен шығармасының орыс және ағылшын тілдеріндегі интерпретациясымен танысады. Шара Қазақстандағы көптілдік саясатты қолдауға бағытталған және еліміздің өскелең ұрпағының бойында түрлі халықтар мен олардың мәдениетіне деген құрмет пен төзімділікті тәрбиелеуге ықпал етеді.