Астанада оқу үдерісін 07:40-тан бастау мәселесі - әкімдік қарауында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқу үдерісін сағат 07:40-тан бастау мәселесі әкімдіктің қарауында болып отыр. Бұл туралы ҚазАқпаратқа Астана қалалық Білім басқармасы бастығының орынбасары Қасымхан Семғазиев хабарлады.

Астанада оқу үдерісін 07:40-тан бастау мәселесі - әкімдік қарауында

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков ағымдағы жылдың 12 тамызында көлік басқармасына, «Астана ЛРТ» ЖШС және білім басқармасына елорда жолдарында таңғы сағат 7-ден басталатын көлік кептелістеріне байланысты, оларды жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды. Атап айтқанда, әкім оқу үдерісінің кестесіне өзгерістер енгізу - мектептердегі сабақтарды сағат 7:40-тан бастауды қарастыруды тапсырды. Бұл оқушылар саны 3 мыңнан асатын мектептерге қатысты болып отыр. Аталған мәселе ата-аналар мен педагогикалық ұжымның қарауына шығарылды.