Астанада оқушы қыз өз-өзіне қол салмақ болып, көпірден секірді

АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат -Астана патрульдік полиция полкі кавалериялық ротасының тәртіп сақшылары кезекшілікті атқару барысында Сарайшық көшесіндегі көпірден қыз баланың суға секіргенін көрген.

Астанада оқушы қыз өз-өзіне қол салмақ болып, көпірден секірді

Бұл туралы елордалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Полиция аға сержанты Айбек Ғаппаров оның соңынан суға секірді. Қызды жағаға алып шыққан соң тәртіп сақшысы өзінің әріптесі, полиция аға сержанты Беркімбек Сейдуәлиевпен бірге жедел жәрдем жеткенше оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Полиция сержанттарының жеделдігінің және уақытылы қабылдаған шараларының арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді.

Қыз суға секірер алдында туғандарына смс-хабарлама жолдап, онда ата-анасынан кешірім сұраған. Ал аяқ киімі мен ұялы телефонын жаяу жүргіншілер жолына қалдырған. Оның өз-өзіне қол салу әрекетінің себептері анықталу үстінде.

Құтқарылған қыз «бел және мойын омыртқаларының жарақаты» диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмектен кейін ол үйіне қайтарылды.

Бүгінгі таңда мектеп оқушысы ата-анасының қарауында, онымен Астана қалалық ІІД кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімнің психологтары мен қызметкерлері жұмыс істеуде.