Астанада оқушыларды интеллектуалды дамыту тақырыбында халықаралық конференция өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Заманауи білім беру ортасында баланың интеллектуалды дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде.
None
None

Іс-шараны «Асыл бала» республикалық қауымдастығы, «ЮСИМАС-Қазақстан» ментальді арифметика академиясы, Қазақстандық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қауымдастығы, сонымен қатар «Мәскеу қалалық педагогикалық университеті», Білім беру педагогикасы мен психологиясы институты (РФ) ұйымдастырды.

Шара барысында белсенді ойындар арқылы балалардың ақыл-ойымен қатар, дене шымырлығын дамытудың жаңа шешімдері сөз болмақ.

Тағы бір тақырып, білім беру саласын басқарудың тиімді тәжірибелері, мектепке дейінгі оқыту бағдарламалары саласындағы халықаралық қарым-қатынастар мен байланыстар, сондай-ақ жеке және мемлекеттік әріптестік мәселелері талқыланады.

«Қазақстанда біз бір идея үшін жұмыс жасап келе жатырмыз. Ол - Елбасымыздың «Зияткер ұлт - 2020» бағдарламасы. Осы жобада Мемлекет Басшысы өзін саясаткер ретінде емес, данагөй ақылшы ретінде көрсетті. Президент Қазақстанда көп қырлы адамдарды тәрбиелеу туралы айтады. Әрбір азаматымыздың руханияты мен ақылы жоғары деңгейде дамыған болуы тиіс. Оның бірін алып тастауға болмайды. Сондықтан осы жобада әл-Фарабиден, Абай Құнанбайдан, Уәлихановтан көп дүниелер алынды, демек ұрпақтар құндылығының жалғастығына мән берілген», - деп атап өтті білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманалиев.

Конференция бағдарламасы бойынша, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті мен Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мектепке дейінгі және кіші сыныптар балаларының интеллектуалды дамуына заманауи әдістерін іс жүзінде көрсеткен толық мәжілістер мен шеберлік сыныптарын өткізу жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар