Астанада оқушыларға арналған тамақтану комбинаты келесі жылы салынуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі жылы Астанада оқушыларға арналған тамақтану комбинаты салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Астана қалалық білім басқармасы мен "Нестле фуд Қазақстан" компаниясы бірге қолға алған "Салауатты тамақтану мектебі" жобасына арналған баспасөз мәслихаты барысында медицина ғылымдарының докторы, Қазақ тағамтану академиясы Тағамтану проблемалары институтының директоры Ерболат Дəленов мəлім етті.
None
None

Жалпы, бұл комбинат туралы ақпарат 2014 жылы белгілі болған еді. Білім жəне ғылым министрлігінің өкілдері комбинат құрылысы басталды деп мəлімдеген болатын. Ал Е.Дəленовтің айтуынша, экономикалық жағдайларға байланысты жоба тоқтап тұр. "Осыдан екі жыл бұрын Астанада комбинат салу мəселесі талқыланған болатын. Кейін қалалық əкімдіктің тапсырмасына орай, мектептерге арналған арнайы бір апталық ас мəзірін жасадық. Комбинаттың ғылыми жұмыстарын өз мойнымызға алдық. Қазір əлемде - экономикалық дағдарыс, еліміз халықаралық көрмеге дайындалып жатыр. Дегенмен, комбинат құжаттарының барлығы дайын, жер бөлінген. Комбинат келесі жылы салынуы мүмкін", - деді баспасөз мəслихатында журналистердің сұрағына жауап берген ол. "Комбинат салынса, Астана мектептерінің бəрінде тамақ бір ас мəзірі бойынша таратылады. Қазір мектептерге жеке компаниялар тағам жеткізіп отыр. Олар мектеп директорына бағынбайды, былайша айтқанда бизнес неғұрлым көп тағам сатса, соғұрлым көп пайда көреді. Ал комбинат салынса, мектеп оқушылары тек пайдалы тамақ жейді", - дейді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар