Астанада Олимпиада чемпиондарының қатысуымен «BI Марафон» қайырымдылық марафоны өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - BI Group компаниясы салауатты өмір салтын насиxаттау мақсатында 2016 жылы 28 мамырда Астана қаласында қайырымдылық марафонын ұйымдастырады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында BI Group компаниясы дивизион директоры Максим Чернышов мәлім етті.

Астанада Олимпиада чемпиондарының қатысуымен «BI Марафон» қайырымдылық марафоны өтеді

Бірыңғай қашықтықтағы жартылай марафонда 5, 10, 21 шақырым және 42 шақырым 195 метр классикалық марафонға ниет білдірген кез келген адам қатыса алады. Қатысу үшін өтініштер bi-marathon.kz сайтында қабылданады.
"Қатысушылар мен командалардың тіркеуінен түскен барлық қаражаттар сал ауруына шалдыққан балаларды медициналық оңалтуға арналған жабдықтарды сатып алу үшін "BI Жұлдызай" қайырымдылық қорына аударылады", - дейді М. Чернышов.
Бұл марафонға танымал қазақстандық спортшылар мен олимпиада чемпиондары қатысады деп күтілуде. "Мен бұқаралық спорт шараларына қатысуға қуана келісім беремін. Себебі осындай спорттық шаралар xалықты, қазақстандықтарды спортқа жақын етеді, салауатты өмір салтын қалыптастыруға септігін тигізеді. Мен 28 маусымдағы марафонға қатысуды жоспарлап отырмын", - дейді Лондон Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, "Астана Арланс" бокс клубының бас директоры Серік Сәпиев.