Астанада олимпиадашылар сапының бағдары бойынша қозғалыс уақытша шектеледі

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Лондондағы Олимпиада жеңімпаздары сапының өтуіне байланысты Астанада 17 тамыз күні сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін мына бағдар бойынша қозғалыс уақытша шектеледі:

Астанада олимпиадашылар сапының бағдары бойынша қозғалыс уақытша шектеледі

Қонаев көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор көшесіне дейін: Орынбор көшесінде Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейін; Обаған көшесінде  Сарайшық көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін.

Астана қалалық жол полициясының басқармасы көлік жүргізушілерге айналма жолдардың бағдарларын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.