Астанада омыртқа ауруын жаңа нейромодуляция тәсілімен емдеу талқыланды
АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Нейромодуляция (функционалды нейрохирургия) - медицинадағы жаңа бағыт. Бұл әдістің тиімділігі мен омыртқаны емдеу үшін қолданылуы туралы Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының директоры Чингиз Шашкин елордада «Неврология және нейрохирургия. Қазіргі заманғы стратегия» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында айтты, деп хабарлады аstana.kz сайты.
Нейромодуляцияның мәні ауруы асқынған адамның терісінің астына құрылғы орнату. Осы қондырғымен дәрігерлер пациенттің орталық жүйке жүйесі арқылы терапевтік емдеу тиімділігіне қол жеткізеді.
«Дәрімен емдеу күткендегідей нәтиже бермеген жағдайда омыртқаны тұрақтандыру үшін ота жасау қамына кіріседі. Пациентке 8-ден 12-ші омыртқасына дейін электродтар салынады. Осы кезде науқас денесінің әдеттен тыс ауырғанын парестезияны (парестезия - тұла бойыңда «құмырысқа жорғалағандай» сезімді бастан кешіру) сезеді. Бір апта бойы тестілік стимуляция жүреді. Егер пациенттің жағдайы жақсара бастаса, электрод көк етке де салынады», - деді Чингиз Шашкин.
2012 жылы республикалық бюджет есебінен 5 ота жасалса, 2013 жылы оның санын 15-ке жеткізу жоспарлануда. Бүгінгі күні мұндай отаны Қазақстанда 3 000 адамға жасау қажет.