Астанада оңалту орталықтарының қызметкерлері шетел мамандарымен тәжірибе алмасты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде 10 мыңнан астам балаға сал ауруы диагнозы қойылған. Құзырлы мекемелер тиісті жұмыстарды жыл сайын ұйымдастырып келеді. Осыған байланысты, Астанаға Біріккен Араб Әмірлігі мен Франциядан арнайы мамандар шақырылып, тәжірибелерімен бөлісті, деп хабарлады astana.kz.
Шетелдік дәрігерлер төрт күнде ДЦП диагнозы қойылған 45 балаға ем жасап, кеңес берген. «Бұл жерде өте ауыр диагноз қойылған балалар. Емдеу кезінде белгілі бір қиындықтар туындайды, әсіресе, нефрологиялық ауруларға көп жылдық ем қажет. Сондықтан, дұрыс тәсілді қолданып жүргенімізге көз жеткізу керек болды», - деді Астана қ. №2 балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сайран Жамукова. Мамандар шілденің 27-не дейін тегін медициналық көмек көрсетеді.