18:32, 16 Қараша 2011 | GMT +5
Астанада өндірістік базада болған өртте екі адам зардап шекті - ҚР ТЖМ
ТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Кеше түнде, Астанада Жиенқұлов көшесіндегі өндірістік базада өрт болды, екі адам зардап шекті. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады. Өрт түңгі сағат үш шамасында өндірістік базаның тұрмысық заттар бөлмесінен шықты.
ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің он бір адамы мен екі техникасы тілсіз жаудың ошағын 17 минутта жойып, тағы 23 минуттан кейін оны толығымен ауыздықтады. Жалын 7 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт орнынан күйік жарақаттарымен 1975 және 1978 жылдары туған екі ер адам ауруханаға жеткізілді.