Астанада «Өнегелі адамдардың өмірі» сериясы бойынша Н.А.Анастасьевтің «Абай» кітабының таныстырылымы өтеді
АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Өнегелі адамдардың өмірі» сериясы бойынша «Абай» кітабының таныстырылымы өтеді.
Таныстырылымға Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Парламент депутаттары, қазақстандық танымал жазушылар, журналистер, мәдениет қайраткерлері қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне сілтеме жасап. «Абай» кітабының авторы - ресейлік танымал жазушы, сыншы, әдебиеттанушы, «Культура» баспасының бас редакторы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Николай Аркадьевич Анастасьев.Н.А. Анастасьев ХХ ғасырдағы америка әдебиеті саласының маманы, 20 шақты монография мен 1 мыңнан астам мақаланың авторы. Өз шығармашылығында ғалым әлемдік әдебиеттің ең жарқын құбылыстарына үнемі тоқталып отырады. Н.Анастасьевтің еңбектері Ресейде, АҚШ-та, Еуропаның көптеген елдерінде жарық көрген. Оның танымал туындыларының қатарында: «Феномен Набокова», «Творчество Эрнеста Хемингуэя», «Фолкнер», «Владелец Йокнапатофы», «Небо в чашечке цветка: Абдижамил Нурпеисов и его книги в мировом литературном пейзаже» деп аталатын еңбектері бар. А. Анастасьев сондай-ақ, «Өнегелі адамдардың өмірі» сериясы бойынша жарық көрген қазақстандық әдебиеттің классигі, ақын және ағартушы Абайдың шығармашылығын зерттеуші ? Мұхтар Әуезов туралы биографиялық кітаптың да авторы. «Өнегелі адамдар өмірі» сериясымен көркем-өмірбаяндық кітаптарды шығарудың негізін 1890 жылы орыс ағартушысы Ф.Ф. Павленков қалады. Кейін 1933 жылы М.Горкийдің бастамасымен бұл серия бойынша кітаптар қайта шыға бастады. 1938 жылы «Өнегелі адамдар өмірі» сериясы «Молодая гвардия» басылымының иелігіне берілді. Содан бері «Өнегелі адамдар өмірі» сериясының басылымы үзілген емес. Тіпті Ұлы Отан соғысы кезінде де тоқтамай шығарылып тұрды.Бұл серия бойынша жыл сайын 20-30 өмірбаяндық кітап шығарылады. Олардың мазмұны ХХ ғасырдың 50 жылдардында жарияланған басты үш қағидаға негізделген: ғылыми дәлдік, жоғары әдеби деңгей және қызықтылық. Қазіргі уақыттағы «Өнегелі адамдар өмірі» сериясымен шыққан кітаптардың жалпы таралымы 100 миллионнан асты.