Астанада «Өнер әлемі» шығармашылық форумы өтеді

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - 20 наурыз күні ҚазҰӨУ Орган залында 19.00-де салтанатты түрде Қазақстанның филармониялар бірлестігінің шығармашылық ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қою рәсімі мен «Өнер әлемі» атты концерт өтеді, деп хабарлады осы бірлестіктің баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында облыстар арасындағы мәдени жетістіктер мен ақпараттар алмастыруды күшейту қажеттілігі туралы айтқан болатын.

Аталған бағдарлама аясында Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік филармониясының бас директоры және көркемдік жетекшісі Сәкен Әбдірахманов Қазақстанның филармониялар бірлестігін құру идеясын ұсынды және бұл бастама шығармашылық ұжымдардың қолдау көрсетуімен жүзеге аспақ.

Қазақстанның филармониялар бірлестігінің шығармашылық ынтымақтастығы туралы Меморандум оркестрлер, вокалистер, музыканттар және дирижерлармен алмасу, аймақтық орындаушылық мектептердің концертін және бірлескен концерттер өткізу арқылы әлемдік және отандық музыка жауһарларын дәріптеудің, Қазақстан мәдениетінің музыкалық мұрасы мен дәстүрлері сақталуының, шығармашылық тәжірибе алмасудың негізін қалайды.

Аталмыш меморандум ықпалдастық арналарын кеңейтіп, филармониялардың өзара тәжірибе алмасуына, Қазақстанда филармониялар бірлестігінің әлеуетті шығармашылық базасын құруға мүмкіндік туғызады. Құжат филармониялардың шығармашылықтың дамуына жағдай жасайтын еркін кеңістікті қалыптастыру міндеті туралы тұжырымды бекітеді. Елордада дүниеге келген бұл бастама жуық арада Қазақстанның барлық аймақтық филармонияларын біріктіретініне сенім мол.

Алғашқы бірлескен жоба - «Өнер әлемі» концертінде Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрі, Қазақстанның филармониялар бірлестігінің дирижерлары мен солистері қатысады. Кеш барысында В.А.Моцарт, Ж.Массне, А.Дворжак, Н.Римский-Корсаков, Е.Брусиловский және т.б. композиторлардың шығармалары орындалады.

Соңғы жаңалықтар