Астанада Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде 280-нен аса пәтер тапсырылды
«179 пәтер халықтың барлық санаттары үшін «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісімен, 102 пәтер - пәтерге кезекте тұрғандарға «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы», - деп хабарлады елордалық Тұрғын үй шаруашылық басқармасы.
Сондай-ақ, басқармадағылардың атап көрсетуінше, мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде қайтарымды пәтерлер есебінен баспана беру бойынша жұмыс жалғасын тапты, оның қорытындысы бойынша 2016 жылы халықтың басымдықты топтарына: мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік кәсіпорындардың және мекемелердің жұмыскерлеріне, жас отбасыларға 179 пәтер берілді.
2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің оңтайлы аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру арқылы өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін жағдай жасау, халықтың және капиталдың экономикалық өсім орталықтарына шоғырлануға ынталандыру мақсатында әзірленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.