Астанада онкологиялық ауруларға шалдыққан балалар үшін «Күлкі терапиясы» өткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларды қолдауға бағытталған «Күлкі терапиясы» акциясы өткізілді. Балалар сайқымазақтармен ойнап, концертке қатысты. Шара соңында оларға сыйлықтар таратылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
None
None

«Бұл әдістеме көптеген мемлекеттерде қолданысқа енгізілген. Емделушілерге дәстүрлі медициналық көмектен басқа, күлкі терапиясы немесе сайқымазақтар терапиясы жүргізіледі. Бұл әдіс Қазақстанда да енгізіліп жатыр. Сондықтан осы акцияны өткізуді ұйғардық», - деді онкологиялық диспансердің бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Бағдаш Мұстафина. Әдістеменің мән-мағынасына тоқталған ол күлкі терапиясының балаларды емдеудегі ықпалының зор екенін атап өтті. «Сайқымазақтар балалармен жұмыс істейді, әңгімелеседі, ойнайды, соның нәтижесінде аурудың синдромы азаяды. Күлкі терапиясының баланың денсаулығының жалпы жағдайын жақсартатыны белгілі. Ол иммундық жүйені, қан айналымы жүйесін нығайтып, оның сауығып кетуіне әсерін тигізеді», - деді ол. Онкологиялық ауруларға шалдыққан балалар медициналық мекемеде ұзақ уақыт емделетіні белгілі. Сондықтан күн сайын осынау азулы сырқатпен арпалысқан балалардың өмірін жеңілдету үшін осындай акцияларды жүйелі түрде өткізу аса маңызды.

Соңғы жаңалықтар