Астанада онлайн-казино желісі анықталды

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада қалалық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (ЭҚСЖКД) қызметкерлері онлайн-казино желісін анықтады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне ведомствоның баспасөз хатшысы Шолпан Ташетова.
None
None

«Астанадағы онлайн-казино желісі сәуірдегі шұғыл іздестіру іс-шаралары кезінде анықталды. Бір мезгілде Абай, Кенесары, Күйші Дина, Брусиловский көшелері және Жеңіс даңғылында орналасқан бес ойын орны құрықталды. Тексеру сәтінде мекемелерде 30-дан астам адам болды», - деді Ш.Ташетова.

Онлайн-казинода ұзақ уақыт бойы «UNIT CASH» арнайы терминалы қызмет атқарды. Ойыншы терминалға белгілі бір соманы енгізіп, арнайы кодты төлем чегін алады және содан кейін ғана ойнауға кірісе алады.

«Егер онлайн-казино клиенттері белгілі бір ақша сомасын ұтатын болса, онда олар сол терминалға қайта барып, ойын кодын енгізіп, ұтыс баламасына тең соманы алып отырған», - деп түсіндірді қаржы полициясының баспасөз хатшысы.

Оның мәліметтері бойынша, онлайн-казиноны тексеру кезінде 7 «UNIT CASH» терминалы және Интернетке қосылған 106 компьютер (жүйелі блоктар), сонымен қатар 5,5 млн. теңгеден астам ақша қаражаты анықталған және тәркіленген. Компьютерлерден сондай-ақ онлайн құмар ойындар табылған. «Қазіргі сәтте құқыққа қарсы қызметті ұйымдастырушылар анықталды. Бұл ойынханалардың әрқайсысына қатысты ҚР ҚК 269-1 «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп нақтылады Ш.Ташетова.

Соңғы жаңалықтар