17:30, 03 Маусым 2015 | GMT +5
Астанада оннан астам пәтерді тонағандар ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 10-нан астам пәтерді тонаған екі жігіт қолға түсті, деп хабарлады елорданың ІІД баспасөз қызметінен.

«Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері пәтер тонады деген күдікпен Астана қаласының Р. есімді тұрғыны және Орал қаласының А. деген азаматын ұстады. Екеуі де 1995 жылы туылған», - делінген хабарламада.
Ұсталғандар саяжайдағы үйлерге кіріп, ноутбук, ұялы телефон, ақша ұрлаған. Тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктілер сәуір айынан бастап терезе торларын бұзып, құлыптарды сындырып, Астана маңында 10-нан астам осы тәрізді қылмыстарды жасағанын анықтады. Оларды ұстаған кезде ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді. Қазір олар Астана қаласының ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды. Бұл факті бірыңғай сот алды тергеу тізіліміне «Ұрлық» бабы бойынша енгізілді. Тергеу жүргізілуде.