Астанада Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының жәрмеңкелері өтеді
АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - 21-22 қыркүйекте қала әкімдігінің алдындағы орталық алаңда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Бұл жолы Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары өз өнімдерін ұсынады. Этноауыл құрылып, мерекелік бағдарлама да ұйымдастырылмақ.
Еске сала кетейік, Қазақстан аймақтарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері 14 қыркүйек пен 3 қараша аралығындағы кезеңде, демалыс күндері өтеді.