Астанада оралмандардың жаңа ортаға бейімделуі туралы семинар-тренинг өтті
АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Тамыздың 17-сі күні Астана қаласына қоныс аударған оралмандардың қатысуымен көші-қон саласының құқықтық және басқару, ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ қоныс аударушы ағайындардың жаңа ортаға бейімделу мәселелері, оралман мәртебесінің құқықтық, әлеуметтік ерекшеліктері баспана, жұмысқа орналасу, жастар мен балалардың білім алуы т.б. өзекті мәселелер бойынша семинар-тренинг өтті. Бұл туралы «Мейірім-Демеу» қоғамдық бірлестігі хабарлап отыр.
Семинар-тренингіні оралмандардың республикалық «Асар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Қайрат Бодаухан жүргізіп, оралмандардың көкейкесті мәселелері туралы ой бөлісті.
Бұл іс-шара Астана қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде өткізілді. Тренингті ұйымдастырушы - «Мейірім-Демеу» қоғамдық бірлестігі.