Астанада «Өркениеттер диалогы: түркілік тренд» конференциясы өтеді

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат -  Ертең,  22 маусым күні сағат 11.00-де «Өркениеттер диалогы: түркілік тренд» атты конференция өтеді.

Астанада «Өркениеттер диалогы: түркілік тренд» конференциясы өтеді

«Ұлт Times» қоғамдық-саяси апталығы мен «Тағылым» мәдени-тағылымдық клубының ұйытқы болуымен өтетін жиынның басты мақсаты - өркениеттер диалогының қалыптасуына үлес қосу. Отандық және шетел сарапшылары арасында түркі әлемі, мәдениет, жаһандық рухани мәселелер турасында пікірталас тудыру арқылы түркі дүниесінің ортақ құндылықтарын айқындау.

Жиынға Қазақстан мен Ресейдің белгілі саясаттанушылары мен қоғам қайраткерлері қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ конференцияға Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттық корпусы өкілдері қатысып, Н.Ерімбетов, А.Сарым, С.Қасымов Ш.Ыбыраев, Е.Саиров, Т.Ешенұлы, Т.Әбдіжаппаров, А. Нығметов сынды белгілі сарапшылар сөз сөйлейді.

Жиын қонағы, Ресейдің белгілі қоғам қайраткері, саясаттанушы Рустам Арифжданов «Түркі өркениетінің бүгінгі әлемдегі орны» атты тақырыпта қысқаша баяндама жасайды.