Астанада орман шаруашылығы, жануарлар әлемі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заң жобасының тұжырымдамасы талқыланды

АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Астанада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар әлемі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелеріне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасының тұсауын кесті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында аталмыш құжатқа байланысты кіріспе сөз сөйлеген Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Оразаевтың айтуынша, заң жобасы күшіне енетін болса, Орман, Жер, Салық және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстері мен ерекше қорғалатын аймақтарға қатысты заңдарға өзгерістер енгізілетін болады. «Кеше Әділет министрінің басшылығымен 2010 жылға арналған заң жобаларының жоспарына байланысты заң шығару қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Онда біз 2010 жылы қабылдануы тиіс заңдардың тізімін бекіттік.  Жалпы, заңдардың саны - 24.  Солардың бірі - бүгінгі біздің талқылауымызға ұсынылып отырған заң жобасы. Бүгінгі отырыстан кейін біз заң жобасының мәтінін дайындауға кірісеміз», деді вице-министр.

Заң жобасы еліміздің орман шаруашылығы, аң шаруашылығы және балық шаруашылығы қызметі мен заңдарына қатысты талаптарды жетілдіріп, олар бойынша бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады. Осы мәселелер бойынша отырысқа қатысушылар өздерінің ұсыныс, пікірлерін ортаға салды.  

Соңғы жаңалықтар