Астанада өрт кезінде 2 бала мен 1 ер адам күйік жарақаттарын алды
ТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласында жер үйде болған өртте 2 бала мен 1 ер адам күйік жарақаттарын алды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Өрт сенбі, 22 қазан күні Өнеркәсіп тұрғын кентіндегі жер үйлердің бірінде болды. 50 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жауды толығымен ауыздықтауға екі сағатқа жуық уақыт қажет болды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 27 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.
Өртті сөндіру барысында күйік жарақаттарын алған 2008, 2009 жылы туған екі бала мен 1968 жылғы азамат ауруханаға жеткізілді.