Астанада өрт кезінде 3 адамды күйік шалды

None
None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы Сарыарқа ауданында Өрнек көшесі бойында орналасқан 2 пәтерлі жекменшік үйде 3 шілде күні сағат 13.47-де өрт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  Өрт сағат 15.00-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауызқдықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша өртті сөндіру қызметінің 23 адамы мен 4 техникасы, ҚР ТЖМ «ЦМК» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын 100 шаршы метрді шарпыды. Өрттің салдарынан күйік шалған 30 жастағы және 69 жастағы екі ер адам ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар
telegram