Астанада өрт кезінде екі бүлдіршін қаза болды

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні күндіз Астананың сол жағалауындағы саяжайлардың бірінде өрт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Астанада өрт кезінде екі бүлдіршін қаза болды

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 19 маманы мен 5 техника бірлігі, ҚР ТЖМ «АМО» ММ-нің 3 маманы мен 1 техника бірлігі жұмылдырылды. Жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыды.

Оқиға орнынан 5 және 2 жастағы екі қыздың мәйіттері табылды.