08:33, 31 Шілде 2012 | GMT +5
Астанада өрт кезінде жас жігітті күйік шалды
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Астана қаласында «Шахерезада» дәмханасында кеше сағат 18.06-да сылау жұмыстарын атқару барысында тез жанатын сұйықтық тұтанды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт құтқарушылар бөлімшесі келгенге дейін сөндірілді. 21 жастағы жас жігітті күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы шақырылған.