Астанада өрт салдарынан 5 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында Жеңіс даңғылының бойындағы «Скиф» тұрғын үй кешенінің көппәтерлі 14 қабатты тұрғын үйінің жертөлесінде төртіншіден он төртінші қабатқа дейінгі электр қалқандарының электр кабельдерінен өрт шыққан.

Астанада өрт салдарынан 5 адам зардап шекті

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласындағы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 50 адамы мен 15 техникасы жұмылдырылды.

Тілсіз жаудан 21 шаршы метр аумақ отқа оранды. 18 адам құтқарылып, 72 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның ішінде 12 бала болды. Оқиға орнында газ иісінен уланған 4 бала мен 1 әйел адам ауруханаға жеткізілді.