09:07, 19 Наурыз 2014 | GMT +5
Астанада өрт салдарынан 600 адам мектепті тастап шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы Ы. Алтынсарин көшесінің бойында орналасқан №25 орта мектептің бірінші қабатынан өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
«ТЖ 18 наурызда түске таман болған. Өртке қарсы қызмет келгенше, 600 адам мектепті тастап шыққан, олардың 500-і оқушылар», - делінген хабарламада.
Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 14 техникасы мен жеке құрамның 14 адамы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.