11:02, 25 Ақпан 2010 | GMT +5
Астанада өрт салдарынан бес адам опат болды, олардың үшеуі - балалар
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Астанада жекеменшік үйлердің бірінде болған өрт салдарынан бес адам опат болды, олардың үшеуі - балалар,
деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Құтқарушылардың мәліметтері бойынша, өрт бүгін таңғы сағат 6-ларда болған. 20 шаршы метр ауданға жайылған тілсіз жауды ауыздықтау кезінде құтқарушылар бес адамның денесін тапқан. Олардың ішінде 2, 6 және 12 жастағы үш бала болған.