Астанада өрт салдарынан екі бала көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түнде елордада өрт екі баланың өмірін жалмады.
Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті ақпаратына сәйкес, төтенше жағдай туралы хабарлама түнгі сағат 00:39-да келіп түскен. Сүмбе көшесі бойындағы жеке тұрғын үйден шыққан өртті сөндіруге мамандар келген сәтте баспананың шатыры, дәлізі қызыл жалын құшағында болған.
«Өрт сөндірушілер жарты сағаттың ішінде қызыл жалынның алдын алды. 1 сағат 20 минуттан кейін өрт толығымен өшірілді. Үйден 2004 және 2007 жылдары дүниеге келген екі баланың мүрдесі табылды. Өрттің шығу себептері анықталуда», - делінген хабарламада.