Астанада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионаттың ашылуы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Құлагер» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионаттың салтанатты ашылуы өтті. 14 ақпанға дейін өтетін жарысқа еліміздің өңірлерінен 28 құрама команда қатысатын болады. Дүбірлі додада Астана қаласының ТЖД елорданың намысын қорғайтын болады, деп хабарлады astana.gov.kz.

Астанада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионаттың ашылуы өтті

Жарыс бағдарламасы спорттың 2 түрі бойынша өтеді, атап айтқанда 4-қабаттың терезесіне шабуыл сатысы бойынша көтерілу (ерлер) және оқу мұнарасының 2-қабатының терезесіне шабуыл сатысы бойынша көтерілу (әйелдер), 100 метрлік кедергілері бар жолақты жүгіріп өту. Қысқы чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-лейтенант В.К.Божко, ҚР ІІМ ТЖ комитетінің және Қазақстан Республикасы Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының басшылығы қатысты. Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионат елімізде аталған спорт түрін дәріптеуге, сонымен қатар, өрт сөндіру-құтқару қызметінің имиджін көтеруге ықпал етеді. Жарыс өрт сөндірушілер-спортшылардың дағдыларын арттыру мен олардың арасынан үздігін таңдағаннан басқа оларды біріктіреді, әлемдік және барабар бәсекелестік рухына, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Сонымен қатар, жарыстар елорда тұрғындарына өрт сөндіру қызметінің жұмысының ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік беріп, өздерін өрт орын алған жағдайда қалай ұстану керектігін үйретеді.