Астанада Орталық Азия елдерінің, Балтық, Ресей, Қазақстан және АҚШ-тың интернационалист-жауынгерлері ардагерлер ұйымдарының халықаралық форумы басталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Форумға Орталық Азия елдерінің, Балтық, Ресей, Қазақстан және АҚШ елдеріндегі интернационалист-жауынгерлер арлагерлер ұйымдарының 60-тан астам басшысы, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қоғамдық және саясаи қайраткерлер қатысуда.
Форумның жұмысы барысында Ұлы Жеңістің 65 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларға интернационалист-жауынгерлердің белсенді қатысуы және запастағы полковник Борис Керембаевты Халық Қаһарманы атағына ұсыну өтініші талқыланып, Қазақстан интернационалист-жауынгерлерінің ардагерлік ұйымын насихаттауға елеулі үлес қосқан арлагерлер мен басқа да тұлғалар ТМД Үкімет басшыларының кеңесі жанындағы Интернационалист-жауынгерлердің ісі жөніндегі комитеттің естелік медальдарымен және «Нұр Отан» партиясының алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ тараптар Орталық Азия мен Қазақстандағы ардагерлер ұйымдарының ынтымақтастығы жөніндегі меморандумға қол қойды.
Айта кетейік, 1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстанға 22 мыңнан астам қазақстандық аттанды, олардың 924-і - соғыс алаңында қайтыс болса, 115 - мүгедек болып оралды, 21 - із-түзсіз жоғалып кетті. Қазіргі күні Қазақстанда Ауған соғысына қатысушы 17 мың жауынгер тұрады.
Ер жүрек батырлардың есімімен Қазақстаннның 114 көшесі мен 68 мектебі аталған.