Астанада өртке оранған жүк көлігінен бір адамның денесі табылды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада өртенген жүк көлігінің ішінен бір ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Kazinform агенттігі қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Астанада өртенген жүк көлігінен бір адамның денесі табылды
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

– 103 нөміріне жол-көлік оқиғасына қатысты шақырту келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл жедел жәрдем бригадасы жетті. Олар жүк көлігінің бірінен ер адамның денесін тапты. Күйіктің қаттылығынан оның ұлтын және жасын анықтау мүмкін болмады. Бригада ер адамның қаза болғанын хабарлады, - делінген басқарма жолдаған хабарламада. 

Әлеуметтік желілерде екі жүк көлігінің өртеніп жатқан видеолары тарап жатыр. Кадрдан қою түтін будақтап, техникалардың қызыл жалынға оранғанын анық байқауға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы Пушкин көшесінің бойындағы өндірістік аумақта екі жүк көлігі соқтығысып, артынша көліктер өртке оранғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар