Астанада өртте ер адам зардап шекті

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні таңертең Астана қаласының Күйгенжар кентіндегі жекеменшік тұрғын үйде өрт болды.
None
None

ҚР ТЖМ-нен мәлім еткендей, 5 шаршы метрге тараған жалын жарты сағаттан кейін сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 10 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Күйік жарақаттарын алған 32 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар