Астанада өрттен қаза болған бес баланы халық ақтық сапарға шығарып салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 4 ақпан күні өрттен қаза болған 5 баланы халық ақтық сапарға шығарып салды. Бүгін балалардың жаназасына жиналғандар саны көп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада өрттен қаза болған бес баланы халық ақтық сапарға шығарып салды

Бүгінгі Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына көңіл айтқан болатын.
Еске сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында жеке үйдің ауласында тұрғызылған уақытша баспанада өрт шықты. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылғы 5 қыз баланың денесі табылды.
Олардың кішісі небәрі 11 айлық сәби еді. Өрт кезінде бес баланың ата-анасы түнгі жұмыста болған.