Астанада орыс тілі білгірлерінің «Ой-сана» республикалық байқауы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті11 қыркүйек күні «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің VII республикалық байқауын өткізеді.

Астанада орыс тілі білгірлерінің «Ой-сана» республикалық байқауы өтеді

Байқауға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің өкілдері, өңірлік тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, Астана қаласының зиялы қауым өкілдері, «Ой-сана» облыстық (қалалық) байқауының жеңімпаздары қатысады.

Байқаудың мақсаты - ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, білім деңгейін үздіксіз дамытатын көптілді тұлғаны қалыптастыру.

Бауқау бағдарламасына сәйкес, жаңылтпаштарды өте шапшаң әрі анық айту, эссе жазу, диалог құру, орыстың халық әнін (заманауи әні) орындау немесе театрландырылған интерпретациядағы көркем шығармадан үзінді қою (пьеса, ертегі және т.б.) бойынша тапсырмалар орындалады. Байқау жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталады.