Астанада орыс тілі мәселелеріне арналған II Халықаралық конгресс басталды
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін елордадағы Ресей мәдениет және ғылым орталығында «Орыс тілі - Еуразияның тіларалық контексіндегі іскерлік және мәдени ынтымақтастық тілі» тақырыбында II Халықаралық конгресс басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ғылыми мәжілісте орыс тілі мен әдебиеті мамандарына қолдау көрсету, русистика ғылымын әрі қарай дамыту, орыс тілі әдістемесін жетілдіру және осы салада өзара тәжірибе алмасу мәселелері талқылануда. Үшкүндік конгресс жұмысы аясында тақырыптық «дөңгелек үстелдер», жаңа орыс тілі оқулықтарының таныстырылымы және арнайы шеберлік сыныптарын өткізу жоспарланып отыр.
Конгресстің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников елімізде жүргізіліп жатқан тіл саясатының маңыздылығына тоқталып: «Бүгінде Қазақстанда орыс тілінің жан-жақты дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Біз ел басшылығының тілдің үштұғырлығы саясатын қолдаймыз әрі ол үшін өз ризашылығымызды білдіреміз», - деді.