Астанада орыс тілі мен орыс әдебиеті ұстаздарына арналған әдістемелік шара басталды

АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін елорданың Ресей ғылым және мәдениет орталығында орыс тілі мен орыс әдебиеті ұстаздарына арналған әдістемелік шара басталды,

Астанада орыс тілі мен орыс әдебиеті ұстаздарына арналған әдістемелік шара басталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шараны РФ Білім беру жөніндегі федералды агенттігі, Ресей халықтар ынтымақтастығы университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы мен Астана қаласы білім департаменті ұйымдастырып отыр.

Қарашаның 3-і мен 5-і аралығында өтетін шара барысында жоғарыда аталған оқу орындарында дәрістер оқылады, тұсаукесерлер өтеді, бейнесабақтар мен «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылады. Онда орыс тілінің қазіргі заманғы жағдайы, оны берудің инновациялық тәсілдері, орыс әдебиетіндегі дәстүр мен жаңа үрдістер, сондай-ақ орыс тілі мен орыс әдебиетін оқыту саласындағы әртүрлі мәселелер талқыланады.