Астанада «Өскелең ұрпақтың өнері» атты республикалық өнер колледждерінің есепті концерті болады

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - 6 желтоқсанда Астанадағы Конгресс-холл сарайында «Өскелең ұрпақтың өнері» атты республикалық өнер колледждерінің есепті концерті болады.
None
None

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шараны аталған министрлікпен бірге П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі, А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі, Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі ұйымдастырғалы отыр.

Шығармашылық ұжымдардың концерті Астананың 2012 жылы ТМД мен бүкіл түркі әлемінің мәдени елордасы атануына орай және «Кәсіби білім және бизнес: әріптестер диалогы» атты халықаралық форум аясында өткізіледі.

Есепті концерт колледждер студенттері үшін үлкен өнер әлеміне алғашқы қадам болмақ.

 

Соңғы жаңалықтар