Астанада осы апта жауын-шашынды болады
АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Елордада жаңа жұмыс аптасы жауын-шашынды болады. Көшпелі бұлт шығады, күн күркіреп, жаңбыр жаууы ықтимал.
Бұл туралы astana.kz сайты «Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің болжауынша, аптаның басында жаңбыр жауады, сейсенбі күні елордада күн жылы болады, бірақ аптаның соңында көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады. «Дүйсенбі күні Астанада күн ала бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +24+26°С болады. Сейсенбі күні көшпелі бұлт шығады, жауын жаумайды. Солтүстік шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17°C, күндіз +26+28°C болады» делінген ақпаратта.
Ал сәрсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан 9-14 жел соғады, кейде желдің екіпіні 18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы +18+20°C, күндіз +30+32°C болады. Бейсенбі күні күн ала бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кейде 18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы +18+20°C, күндіз +27+29°C. Жұмада күн ала бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан 9-14 жел соғады, желдің екпіні кейде 18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы +15+17°C, күндіз +24+26°C.