Астанада осыдан екі жыл бұрын өртеніп, 14 адамның өмірін жалмаған көкөніс қоймасының басшылығы түрмеден босатылды - ҚР Жоғарғы Соты

ТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 2009 жылы Астанада өртеніп, 14 адамның өмірін қиған көкөніс қоймасының басшылығы қылмыс құрамының болмауына байланысты бостандыққа шығарылды.

Астанада осыдан екі жыл бұрын өртеніп, 14 адамның өмірін жалмаған көкөніс қоймасының басшылығы түрмеден босатылды - ҚР Жоғарғы Соты

Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті.

О. Петерстің айтуынша, Жоғарғы Соттың Қадағалаушы алқасы соттың ЖШС басшысына және оның орынбасарына тағайындаған жазаларын жою және оларға қатысты істі тоқтату туралы, сонымен қатар сотталушыларды шұғыл түрде қамаудан босату жөнінде қаулы шығарды.

Еске сала кетейік, 2009 жылы Астанада азық-түлік қоймасының құрылысы барысында өрт шығып, 14 адам опат болған еді. 2010 жылы 25 қараша күні Астана қаласының №2 Алматы аудандық соты құрылыс жүргізуге рұқсаты болмай тұрып, құрылыс жұмыстарын бастап кеткен ЖШС директорын 7 жылға, оның орынбасарын 6 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарған.

Қадағалаушы алқаның қаулысында атап көрсетілгеніндей, директор және оның орынбасарының тарапынан құрылыс барысында жасаған бұзушылықтары өртке және одан кейін орын алған салдарларға тікелей байланысты емес деп табылды.

Жоғарғы Соттың Қадағалаушы алқасы аталмыш қылмыстық істі сотталушының бірінің түсірген қолдаухаты мен прокурордың өтініші бойынша қараған.